Jullien Dassin

ВАБАНК/ Соңғы әрекет

Теңізге демалуға келген отбасылы жігіт ағасы, жас қызбен танысып араларында махаббат сезімі оянады. Махаббаттан басы айналған 20 жастағы бойжеткен, оның әйеліне келіп, опасыз күйеуін 20 мың долларға сатуға ұсыныс жасайды.

Алданған әйел осындай шарасыз жағдайда не істейді?

Бірнеше жыл отасқан күйеуін әліде сүйеді. Бірақ, оны мойындауға бойдағы намыс жібермейді.

Автор Михаил Задорновтың  комедиясындағы кейіпкер тығырықтан шығудың, осы сыннан сүрінбей өтудің жолын қалай табады. Осы оқиғада «Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» деген мақал ойға еріксіз оралады.

Махаббатты, сүйген жарды саудаға салуға бола ма?