Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Нартәуекел»

НартауекелӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Ә.Кекілбаев 

Премьера күні: Желтоқсан, 2016 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Әділ Ахметов, Шыңғыс Жақыпбай және т.б.

Жанр: халықтық  қаһармандық драмалық дастан 

Ұзақтығы: 1 сағат, 20 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Ел ішіндегі алауыздықты тиып, бар мақсатты асқақ арман мен ұлы мұрат жолына бұра білу – асқан даналық пен кемеңгерлікті талап етеді. Абылай арманының басты тіні осында – қазақтың іргелі де біртұтас, қуатты ел болуы.

Сабалаққа үш жүздің басын қосқызып, хан Абылай биігіне көтерген де осы күш –  Қазақтай қасиетті халық алындағы ғұмырлық парыз бен азаматтық борыш болатын. Нартәуекел наркескен намыс еді.

Батыр баба ұран еткен азаттық, ұлттың біртұтастығы дейтін ұлы мақсат әлі де өз тұғырында. Ел бағына туған сақа саясаткердің мәңгілік мұрат жолында орнықтырған ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі бейбіт келісімдері мен көреген шешімдері – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізгі алғышарты, басты тірегі. 

Егемендіктің ширек ғасыр биігінен көз тігіп, жаңа заман өлшеміне сай, Жастар тілінде үн қатар қойылымның театрсүйер қауымға ұсынар жаңалығы мол.

Кейіпкерлер:

  • Абылай – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Сабалақ, Әбілмансұр – Шыңғыс Жақыпбай
  • Кейуана – Бахыт Хаджибаев, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Диуана - Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері
  • Қалдан Шері – Бекболат Құрманғожаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
  • Дәулетбай – Мұхтархан Манап, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
  • Әбілмәмбет – Ғани Құлжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Лама Доржы – Дарияр Оразаев
  • Сыбан Доржы – Елдос Шайкенов
  • Дауашы – Азамат Эсқұлов
  • Әмір Сана – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Топыш  (ересек шағы) – Айнұр Рахипова, Алтынай Нұрбек
  • Топыш (жас кезі) – Шехназа Қызыханова, «Елорда Жастар» сыйлығының иегері
  • Күлпәш – Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері

Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов

Балетмейстер – Шырын Мұстафина

Хормейстер – Гүлмира Құттыбадамова, Аида Бейсенова

Билет қайтару шарттарытанысу