Jullien Dassin

Жаңа жыл «Ойыншықтар» ертегісі

Жүрекке жылулық беретін, көңілге қуаныш сыйлайтын мереке де келіп қалды. Жақсылықтың жалғасы ЖАҢА ЖЫЛ мерекесінде Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры көрерменін әсте ұмытқан емес. Кішкентай балақайларға арналған қуыршақ, қоян, жұлдыз жауынгер сынды түрлі кейіпкерлерден құралған Айдын Салбановтың «Ойыншықтар» ертегісін сахналайтын боламыз. Сонымен қатар, қызықты әрі естен кетпес мерекелік қойылым тосын сыйымен сіздерді күтеді. Жаңа жылдың жарқыраған шамын бірге жағайық!

КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР!