Jullien Dassin

Қыз Жібек (Гастроли)

Авторы: Ғабит Мүсірепов

Музыкалық драма

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссер – Е.Нұрсұлтан, Елбасы қоры сыйлығының лауреаты

Режиссердің ассистенті – Ш.Жанысбекова

Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Киім суретшісі – Н.Қалиева

Музыкасын өңдеген – А.Райымкұлова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жармұқанбет

Балетмейстер – А.Сыдықова

Сахна сайысы – А.Байлин

Вокал пәнінің ұстазы – Г.Қарамолдаева

Хор пәнінің ұстазы – Г.Берекешев,

Режиссердің көмекшісі – С.Гениярова

Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған.  Оқиғалар негізінен  жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында ержүректігімен, күш-қайратымен аты шыққан батыр Бекежан арасындағы қарым-қатынастар төңірегінде өрбиді де, ақыры Төлеген қызғаныштың құрбаны болады. Сүйгенінсіз Жібекке де өмір жоқ...  Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын, бояуы жарқын  қойылымда   ұлттың өмі­рі­мен тығыз байланысты дәс­түрлер де  - бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу және т.б. – жақсы көрініс тапқан.

14 маусымда  91-ші ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ өтеді.