Jullien Dassin

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

Қозы Көрпеш - Баян сұлуАвтор: Ғ. Мүсірепов

Премьера күні, жылы: 29.01.2020 

Режиссёр: Асыл Қозықанов

Жанр: трагедия

Ұзақтығы: 90 мин

Жас санаты:  12+

Қосымша:

 

 

 

 

Аталған қойылымда өткен ғасырдағы бай-манаптардың дүние, атақ, мәнсап үшін жер бетіндегі тіршілік иесіне жасаған қиянаттары, күнәлары – «тіршілік иесінің киесі атты» деген ұғымды білдірсе керек.

Бұл дүниеде жасаған жақсылықтың да, жамандықтың да алдыңнан шығатынын пенденің зердесіне салу.

Қос ғашықтың бұл жалғанда көре алмай кеткен қызықтарын, өмірде адал махаббаттың барын, бірақ соны тағдырдың тәлкегіне салмау, пендешілікке бармау керек екенін еске салатын, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарын, тұрмыс-салт жырларымен байланыстыра отырып, сол кездегі қоғам тынысынан сыр шертіп, көрерменге өзгеше әсер беретін қойылымның айтар ойы бар.

Актерлар: 

Қарабай - Тұрсынбек  Дүзбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі Мирас Разханов

Күнекей - Гүлбақыт Бақтыбаева ҚР «Мәдениет саласының үздігі, Мадина Құмарова

Мақпал - Майра Арғынбекова ҚР «Мәдениет қайраткері»

Қозы Көрпеш - Еркебұлан Какимов, Нәдір Сұңғатолда

Баян Сұлу - Арайлым Маралбекова, Айым Бегмат

Қодар - Қамит Қамит, Арыстанбек Мұқият

Таңсық - Динара Қабышева

Жантық - ЕділМекешов,Ернат Мұхаметханов

Жарқын - Елдос Мәсәлім