Jullien Dassin

«Күлдірген мен Бүлдірген» Жаңа жылдық қойылым

«Күлдірген мен Бүлдірген» Жаңа жылдық қойылым​

kyldirgen-men-byldirgen-zhana-zhyldyq-qoyylymТ. Ахтанов атындағы облыстық драма театры 2018 ж. 20-шы желтоқсан мен 2019 ж. 5 – ші қаңтар аралығында қала тұрғындары мен қонақтарын екі (қазақ және орыс) тілде өткізілетін Жаңа жылдық мерекеге шақырады!!!

Біз М. Томановтың «КҮЛДІРГЕН МЕН БҮЛДІРГЕН» Жаңа жылдық ертегісінің премьерасы мен «ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ» атты ертеңгілікке кішкентай көремендерімізбен және олардың ата-аналарын асыға күтеміз.

Сізді ертеңгілік бағдарламасында ертегілер және мультфильмдердің танымал кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар, түрлі ойындар мен байқаулар, жұмбақтар әлемі және де Жаңа жылдық шыршаны айналып ән салу мен тағы да басқа  ұмытылмас кездесулер күтеді.

Жаңа жылдық жастар би кешінің (дискотека) қонақтарын көңілді әндер мен билер, сыйлықтар тігілген көңілді байқаулар, сонымен қатар тамаша да, ең сәнді музыка күтеді.

Уақыты: сағ.10.00;12.00;14.00 – күн сайын балаларға арналған ертегілер мен ертеңгіліктер.

Уақыты: сағ.16.00; 18.00 - жастарға арналға би кеші (дискотека).                         

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы Т. Ахтанов көшесі 52, 24-17-36.