Scorpions в Алматы

Қозы Көрпеш Баян Сұлу

Мекен-жайы: Павлодар қ, Ломов көшесі, 140

Авторы: Ғ.Мүсірепов

Режиссёрі: Әділет Ақанов

Жанр: Трагедия

Қоюшы суретші: Е. Тұяқов

Музыкалық көркемдеуші: А. Жанысов 

Қосымша:

 

 

 

 

Спектакль қазақтың эпикалық поэмасы негізінде жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертеді.

Қос ғашық Қозы мен Баян, қызғаныштан көзі қанталаған  Қодар, дүниенің қызығына түсіп, тас жүрек болған Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар арқауында зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, ғашық екі жастың қайғылы қазасымен аяқталады.

Қойылымның негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған.