Афиша театров Семея

ВИННИ ПУХ (КАТМК)

ВИННИ ПУХ (КАТМК)

Өтетін орны: КАТМК, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2, Қызыл зал

Премьера күні: 3 желтоқсан 2022 ж

Авторы: Елена Локшина

Режиссер: Антон Зайцев

Суретші: Юлия Чернова

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 6+

Қосымша: Қазақ тілінде ертегі

 

«ВИННИ ПУХ немесе Кристофер Робиннің туған күні»

Алан Милннің «Винни Пух және бәрі-бәрі-бәрі» деп аталатын белгілі балалар кітабының желісімен қойылған спектакль. 

Бұл Кристофер Робиннің туған күніне пүліш қонжықты сыйлыққа алғаны жайлы әңгіме.  Бастапқыда Кристофер мұндай сыйлыққа аса қуана қоймайды, алайда Винни Пух пен оның достарымен жақын таныса келе баланың өзі қызықты шытырман оқиғалардың ортасына түседі.  Ал көрермендер болса туған күн кешінің қонақтарына айналады.  Залдағы балалар Винни Пух пен оның достары тап болатын күлкілі және қызықты жайттардың куәсі болады.