Scorpions в Алматы

Ер Едіге

Ер Едіге/Туркестанский театр Өтетін орыны: Түркістан музыкалық драма театры

Автор: Светқали Нұржан

Премьера күні: 14 фсәуір 2021 жыл

Қоюшы режиссері: Халықаралық фестивальдердің лауреаты Данияр Базарқұлов

Режиссер: Өнер магистрі Алмат Шарипов

Жанр: этно-фольклорлық тарихи драма

Ұзақтығы:

Жас санаты: 

 

«Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы – қазақ тарихындағы ең жарқын кезең Алтын Орданың 750 жылдығы аясында облыс әкімінің қолдауымен сахналанған өр рухты батырдың ерлігін дәріптейтін тұңғыш қойылым. Ел билеуші Едігенің есімі ел аузында ұрандалып, ұрпақтар санасында елдік мүддені сақтап қалудағы батылдықтың үлгісі  болып қалыптасты. Спектакльде Алтын Орданың соңғы әмірі атанып, оны біртұтас мемлекетке айналдырған қайсар мінезді қолбасшының Әмір Темірмен байланысы, Тоқтамыс ханмен қақтығыстары көрсетіледі. Халқының бостандығы үшін өмірін қиған, жүрек жұтқан батырдың теңдессіз еңбегі тарих беттерінде мәңгілікке сақталары хақ.

Актерлар: Едіге – Мейірбек Шакенов, Марс Абилхасанов,Тоқтамысхан – Мағзом Бақытжанов, Қазихан Балдаиров, Тоғайбек ханым – Жанар Кемалбаева, Жанна Өтеген, Әмір Темір – Кеңес Кемалбаев, Нұрболат Өтеғұлов, Ақын – Бағдат Телеугалиев, Тарихшы – Аслан Төлентай, Сыпыра Жырау – Даурен Нарман, Әсет Оразалин, Нұрадын – Толағай Карасаев, Кен-Жанбай – Нұрсұлтан Айтқалиев, Қызметші әйел – Майгүл Мұзбаева, Толқын Жандыбаева, Уәзір – Рахат Төрежанов