Jullien Dassin

«Дала шамшырағы»

Дала шамшырағы. Театр Костанай

Өтетін орыны: Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драм театры

Премьера күні:

Режиссёр: Ерсайын Төлеубай

Актерлар:

Автор: Т. Ә. Қоңыратбай

Жанр: драма

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

Ыбырай танушы Тана Қоңыратбайдың «Дала шамшырағы» қойылымында Ы.Алтынсариннің қазақ даласында тың үлгідегі мектеп ашу жолында қиындықтары, халықтың көрген тауқыметі Арызқұл молда бастаған Итемген, Қатыш, Қырмаштардың қарсылығы арқылы көрініс табады. Мектеп шаңырағына ілінген шамдар – Ыбырай жаққан білім шырағы. Дегенін істетіп үйренген ауыл шонжарлары сол отты сөндірмек болып мектепті өртеді.Алайда дала шамшырағының бүкіл қазақ даласын жарыққа бөленуін аңсағандар да аз емес.

Спектакльдегі ақын Нұржан Наушабаев – Ыбырай заманындағы ақындардың, көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың жиынтық бейнесі. Ыбырай тығырыққа тіреліп қиналғанда түсінде ақ киімді адам қолына шырақ ұстап, жөн сілтеп, аян береді.

Мәдениеті мен өркениеті тарихтың тым тереңіне кететін қазақ халқының бір мүлгіп, қараңғылық, надандық басқан кезеңі ауру, бейбақ қыз кейпімен беріледі. Ыбырай оны мүсіркейді, емдетемін дейді, ал сұм заман, аяусыз Арызқұл сияқты жандар оны аямайды. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ескілікті салт, мінез, түсінік пен жаңаның, надандық пен даналықтың күресі.

Билет қайтару шарттары: танысу