Афиша театров Семея

Айман – Шолпан. Театр им. Аймаутова

М.Әуезов «Айман – Шолпан» \музыкалық комедия\

Шөмекей руы жасаған той, Маман мен Көтібар егесі, Әлібектің Айманға, Арыстанның Шолпанға атастырылуы, Маман аулының шапқыншылыққа ұшырауы, Айманның Көтібарды сөзбен шырмап, есек дәмелі етіп қойғаны, Көтібардың дүмбілез ойды місе тұтып, Айман аруды алам деп азаптанып күлкі болғаны сияқты жағдаяттар сөз болады. «Айман-Шолпан» пьесасының жүрегі – Көтібар, ал Айман пьесаның ыстық қаны. Осы екеуі бар жерде ғана пьесада тірлік бар. Барлық қалған адамдар сол тірліктің мүшелері.