Jullien Dassin

Адасқандар

«Адасқандар»  KTS

Мекен-жайы: ҚарағандыБұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: К. Жұмабеков

Премьера күні:

Режиссёр: ҚР Мәдениет қайраткері - Сламбек Жұмағали

Актерлар:

Жанр: драма

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Драматург К.Жұмабековтің «Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады. Өңгенің алдауы мен арбауына, азғыруына иланған қазақтың қаршадай қыздары мен жігіттері, «байимын, машина, үй сатып аламын» деп жүріп, жауыздардың қақпанына, қанды шеңгеліне қалай түскенін білмей, тығырықтан шығатын жол іздеп аласұрады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсайды. Оларды алда қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, жалған діни ағымның әр түрлі қатыгездігі күтіп тұрғанын кеш аңдайды. Бірақ, шегінерге жол жоқты. Олар өлтірмей кері қайтармайды. Міне, шығарманың өзегі – адаспас үшін он ойланып жүз толғану керектігін еске салады, адаспауға үндейді.

Драма қалың көпшілікке арналған. Қойылымның сценографиясын жасаған Ұ.Несіпбай.

Қойылымдар ілеспе аудармамен орыс тілінде  жүргізіледі.