rebranding

Музыка и танцы великой степи

Ұлы Дала музыкасы мен билеріҚұрметті Ақтаулықтар!

21 қазан күні сағат 19.00-де

«Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен биші Анель Марабаеваның «Ұлы Дала музыкасы мен билері» атты ерекше концертін жіберіп алмаңыздар!!!

Сіздер концерт барысында ұлттық бояуға, тарих пен сұлулыққа толы қазақ халқының əйел образы суреттелетін  ұлттық музыка мен ұлттық би əлеміне саяхаттайсыздар.

Әнел Марабаева - Нурсеитова  - Алматылық би училищесі мен "Шабыт" Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. Ол Павлодар қаласында дүниеге келген. 5 жасынан бастап бимен айналысқан. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты (Германия, Санкт - Петербург, Мәскеу, Испания). Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті қорының лауреаты. "Наз" би театрының солисті (Астана қаласы). Әнел әлемдік сахналарда Қазақ елінің намысын қорғап, шет елдік көрермендерге ұлтымыздың фольклорлық және ұлттық өнерін насихаттаған. Ол қазақтың әйгілі би шебері Шара Жиенқұлованың ізбасары. Репертуарында 20-ға жуық әлем елдерінің биі бар. Атап айтқанда, қазақ, қытай, корей, жапон, маңғол, үнді,  испан және т.б. Әнелдің биі тарихқа, драмаға, нәзіктікке және ынтықтыққа толы. Әр биі тура бір өмірді баяндағандай. Образға толығымен ену өнері және сахнадағы айқын ойыны - оның төл құжаты.

Фольклорлы-этнографиялық «Тұран» ансамблі

«Тұран» - қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заман ұрпағының талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Бұл топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді.

Бұл ұжым «Қазақстанның мәдени мұрасы» ұлттық бағдарламасына белсене қатысып, қазақ өнерін бүкіл әлемге танытып келеді. Аз уақыт ішінде топ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының грантын иеленіп, Қазақстан және шетелдерде өткен халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанды. Топтың шығармашылығы жайында «Discovery World», «BS Asahi» (Жапония), Оңтүстік Корея, Түркияның Ұлттық телеарналарына арнайы деректі фильмдер түсірілді. Жапонияның «Цуру то Камэ» ұлттық аспаптар тобымен бірлесіп берген концерті көрермендердің зор ықыласына бөленді. «Тұранның» қазақ өнеріне енгізген жаңалықтарының бірі – симфониялық оркестр мен ұлттық аспаптардан құралған ансамбльдің бірлесіп күрделі шығарма орындауы. 

_____________________________________________________________________________________________________

 

Дорогие АКТАУ-цы!

НЕ ПРОПУСТИТЕ!))

21 октября в 19:00

Музыка и танцы великой степиУникальный концерт "Музыка и танцы великой степи" фольклорно-этнографического ансамбля "Тұран" и солистки танцев народов мира Анель Марабаевой. 

Концерт окунёт вас в Мир этнической казахской музыки, фольклорного танца, в которых раскроются казахские женские образы, наполненные грацией, фольклором, историей и красотой.

Анель Марабаева – Нурсеитова - выпускница Алматинского хореографического училища и Казахского Национального Университета Искусств "ШАБЫТ" .

Анель Лауреат международных хореографических конкурсов (Германия, Санкт-Петербург, Москва, Испания).

Лауреат фонда первого президента РК. Солистка Театра танца "НАЗ" (г.Астана)

Анель представляла Казахстан на мировой сцене, знакомя иностранного зрителя с фольклором и искусством казахского танца. Последовательница великой казахской танцовщицы Шары Жиенкуловой.

В репертуаре Анель около 20 танцев народов мира, такие как казахский танец, китайский, корейский, японский, монгольский, индийский, испанский и другие.

Танцы Анель наполнены историей, драматургией, нежностью и страстью. Каждый танец словно маленькая жизнь. Искусство перевоплощения и яркой игры на сцене, являются визитной карточкой танцовщицы.

Этно-фольклорный ансамбль «Тұран» - Оригинальность, самобытность коллектива становятся очевидны с первых звуков композиций в исполнении ансамбля: формы их произведений приближены к образцам старинных инструментальных и вокальных сочинений, звучание ансамбля необычно и завораживающе особенно в силу того, что музыкантами используются наряду с широко распространенными народными инструментами инструменты редко звучащие, даже в профессиональных коллективах. Используя возможности светосопровождения и звукоусиливающей техники музыканты легко и артистично двигаются по сцене, создавая образы и незабываемые картины прошлого и настоящего.

Участники ансамбля - лауреаты многочисленных конкурсов и фестивалей  исполнителей на народных инструментах, участники престижных концертов, как в нашей стране, так и за рубежом: Франция, Израиль, Турция, Германия, Южная Корея, США.

Фольклорно-этнографический ансамбль «Тұран» является обладателем гранта Фонда Первого Президента Республики Казахстан.

В составе группы - Максат Медеубек, Бауыржан Бекмуханбетов, Ержигит Алиев , Серик Нурмолдаев, Абзал Арыкбаев, которые играют на такихинструментах как сыбызғы, шаңқобыз, саз-сырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбра, қыл-қобыз и другие инструменты, а Абзал Арыкбаев к тому же владеет древнейшим искусством традиционного горлового пения.