97 человек за последний час интересовались этим событием.

Мансапқорлар. Премьера!

20 шы ғасырда жазылған Жүсіпбек Аймтауытовтың «Мансапқорлар» драмасы Қазақстан театрлар сахнасында 70-80 ші жылдардан кейін тоқтап қалған еді. Мансап үшін, болыс болу үшін өзінің жолдастарын сатып, күйеуіне у беріп өлтіріп, адам өліміне баруға дайын кейіпкерлерді автор ішкі ойларын «мақсатым мансап табу, ел билеу, кек алу» -деп ашып беріп, биіліке деген құмарлығын арттырып айтқызады. Ал біздің уақытымызда, бүгінгі күннің билік құмары «ұлт тағдырын ойлаушы» рөлін ойнап жүреді. Міне, рөл ойнаушылар. Рөлді әртістер ғана сахнада ойнамаушы ма еді? Әртістер өмірде де бар деген ойда, театрда болған жағдай арқылы, Жүсіпбек Аймауытовтың пьессасын қойып жатқан әртістермен режиссердің қарым-қатынасы арқылы, бүгінгі әр саланың мансапқорларымен, қоғамның дерті айтылады.