Google ad services
Подарочный сертификат

Келген келіндер кетпесін

Келген келін кетпесінАвтор: Ерсайын Төлеубай

Премьера күні: 10.12.2021 ж.

Режиссёр: ҚР халық артисі Ерсайын Төлеубай

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша: зейнеткерлер, студенттер мен оқушыларға 20% жеңілдік 

 

 

 

 

Бұл қойылым уақыт талабына арнайы жазылған шығарма.

Сондай-ақ жастардың шаңырақ көтеріп, өз алдына үй болып отбасын құра алмауы комедия жанрында айқын суреттеледі. Бүгінде әр отбасындағы  ұл-қыздардың  бас қосып үй бола алмауы, бүгінгі  қоғамның да ең бір ауыр кеселі екені де шындық.

Бұл комедияда үйленбеген 2 баласынан қажыған Шәйми ақсақал мен Әйшәй анамыздың жеке отбасы айтылады. Қойылым соңында 2 ұлына 2 келін тапқан қызықты оқиғалар желісі күлкі би-әнмен көрсетілуі, театр өнерінің басты табысы боп табылады.

Актерлар:

Шәйми шал - Айарыс Даукараев.
Әйшәй кемпір - Алия Мауылымхан.
Торсанбай үлкен ұлы - Өркен Ахмет.
Қорсанбай кіші ұлы – Жалгас Лесбаев.
Жымиған үлкен келін - Сағыныш Ақасова.
Кәкіш кіші келін - Лаула Ақарал.
Пәшен көршісі - Нұрболат Рахатов.
Мәми кемпірі - Айгерим Нұрахметова.
Перуаш қызы - Таншолпан Кинжембетова.