Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
98 человек за последний час интересовались этим событием.

«Би Әлемі»

Өтетін орыны: «Астана» концерт залы

Өтетін күні: 27 қараша

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

 

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының аясында, қараша айының 27-ші жұлдызында, сағат 19.00де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Шалқыма» халық би ансамблінің «Би әлемі» атты кеші өтеді.

Кеш аясында «Інжу маржан», «Балалық шақ», «Тоғыз толғам», «Қуаныш», «Желдірме», «Аққу», «Сағым», «Таңба», «Бала Ертіс» сынды қазақ билерімен қатар, Орыс, Армян, Қытай, Корей, Якут, Моңғол т.б халықтардың биі тарту етілмек.   

Бұл кеште Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық артисі Болат Аюхановтың Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Айгүл Татидің, Тойған Ізімнің, Педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әжібекованың, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абдрасул Есекеевтің, Украинаның еңбек сіңірген артисі Бауыржан Сейтқалиевтің, «Құрмет» орденінің иегері Лариса Кимнің, талантты балетмейстерлер Арайлым Сайлауованың, Лаура Мұқаеваның, Айгүл Құлбекованың, Санам Аманованың, Алила Алишеваның Сәуле Қалидың, Уалитбек Сиязбектің қойған билері жұрт назарына ұсынылады.       

Билет қайтару шарттары: танысу