Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Әлем Халықтары әуені

Құшағы кең, жүрегі дархан қазақтың байтақ даласында 130-дан астам өзге ұлт өкілдері бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта, бірлік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Қазақ халқының мұндай мейірбандығы, қонақжайлылығы бүгінде күллі әлемге үлгі, өнеге. Әртүрлі ұлттардың қарым-қатынасы мен халықтар достығының нығаюы, көп ұлттың өкілдері тұратын біздің республика үшін өте қажет. Бірлік қалаған ел қашанда тірлік қылады... Біз осындай достығымызды әркез насихаттауымыз керек. Себебі, бәріміз бір аспанның астындамыз. 

ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне қарай,  30 сәуір күні сағат 19.00 де «Астана» концерт залында «Әлем Халықтары Әуені» атты концерттік кешіміз өтеді. Оған Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Классикалық және эстрадалық вокал» бөлімінің өнерпаздары, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, сонымен қатар Қазақстан және Татарстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Бибігүл Жанұзақ, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Әбілдә, Әйгерім Аманжолова, Дәстүр Асылхан, Диана Май, Шахризада Тыныштық және т.б хас өнердің өресі биік өрендері қатысады. Жалпы концерт толықтай жанды дауыста өтеді. 

Аталмыш мерекелік кештің негізгі мақсаты ұлтаралық бірлікті дәріптеп, достығымызды жырға ұластырып, Қазақстан халқының мейірбандығын әлемге әйгілеу болып табылады. 

Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы

«АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ,  Кенесары көшесі, 32