Jullien Dassin

Бір кеште екі спектакль

Премьера күні: 25.02.2022ж.

Жанр: 

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

 

 

 

 

 

 

 

Туған күн

«Туған күн» – тағдыр тәлкегіне түскен әйелдің жан драмасы туралы. Ата-ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын сезінбей, балалар үйінде тәрбиеленген, бойжеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сатқындық көріп, үміті кекке ұласқан кейіпкердің, мүмкін, ең соңғы туған күні... 

Өмірдің түпнегізі неде? Бұл орайда және жеке адам мен қоғамның жауапкершілік арасалмағы қандай? Монодрама алға тартатын ауыр  сауалдар мұнымен шектелмейді...

Қайдасың мама?!

Өмірді Алла жаратқан ақ, адал қалпыңда бірқалыпты сүріп шығу мүмкін бе? Тағдырдың тажал ағыны бірде сыртқа тепсе, бірде мүләйімсіп бауырына тартады, бірде лапылдаған тозақ-жалын болып қамаласа, кейде біртоға, бұйығы сезімге айналып тығырыққа тірейді, дыбыссыз ышқындырады. Ондай сәттері шақыратын жалғыз адамың бар, ол – Анаң...