Scorpions в Алматы

Айман - Шолпан

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: М. Әуезов, Қ. Мұхамеджанов

Премьера күні: Мамыр, 2016 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанр: музыкалық қойылым

Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

 

Кейіпкерлер:

  • Айман – Назерке  Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Шолпан – Іңкәр  Нәсиева
  • Әлібек – Елдос  Шайкенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Асланбек Жанұзақов
  • Арыстан – Данияр  Уразаев, Әбутәліп Әміре
  • Көтібар – Жандаулет Батай, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Жарас – Бекжан  Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері, Нұрбек Алибек
  • Балпық – Айсұлтан  Жәлиев, Мейірғат Аамангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Жантық – Нұрбек  Әділбек
  • Маман – Азамат  Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Сарыбас – Дәурен  Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Текебай – Әділ  Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Бердібай – Бахыт  Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Теңге – Айнұр  Рахипова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Әсем Қуанышбаева
  • Хадиша – Алтынай  Нұрбек, «Шапағат» медалінің иегері, Балжан Зияқұлова

Сай сайға құйғанындай, бай баймен құдаласуға ниетті. Әйтсе де, ажарына көркі, ақылына амалы сай сұлумен сөз байласуға әркім құмар.

«Айман-Шолпан» пьесасының өн бойында әдемі юмор жатыр. Маман байдың ауылына қыз айттырып келген сал-сері, бай-бағылан, ақын-батырлар арасындағы бәсеке, текетірес, тайталастан өрбитін комедияның көркемдік бояуы халықтық фольклор мен ұлттық әндердің қиюын тауып, шебер пайдаланылуының арқасында тіпті қалыңдай түседі.

Осы ерекшелікті терең ұққан режиссер қойылымда ән мен жыр, би мен хор, қыз бен жігіт айтысы сынды ұлттық өнеріміздің жауһар жоралғыларын сәтті тоғыстырады. Синтетикалық өнердің көркемдік шарттарына толықтай жауап беретін комедия сахнаны нағыз өнер мерекесіне айналдырары сөзсіз.