Scorpions в Алматы

Жігіттер в Ақтау

Өтетін орны: Ақтау қ., Н. Жантөрин атыңдағы драма театры

Күні: 8 наурыз 2023

Басталуы: 19: 00

Әртістер: Жігіттер

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 5+

Қосымша:

 

 

Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған "Ерке қыз" әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде. Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында бес үнтаспа, 30-ға жуық бейнебаян, 120-ға жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр. «ЖІГІТТЕР» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна деді. Қазіргі уақытта Жігіттер тобы өнерде жүргеніне 20-жыл толуына орай үлкен концертке қызу дайындық үстінде. Концертте ескі хит әндермен бірге тұсауы жаңадан кесілетін әндердің куәсі боласыздар.