Scorpions в Алматы

Соқыр үміт

Соқыр үміт

Мекен-жайы: ҚарағандыБұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: Әлімбек Оразбеков

Премьера күні:

Режиссёр: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әлімбек Оразбеков

Актерлар:

Жанр: драма

Ұзақтығы: 

Қосымша: Қоюшы - суретші - ҚР мәдениет қайраткері, Тамара Аккерт

 

 

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың  2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы ретте Сәкен театрының жаңа премьерасы -бір шаңырақтың  қиындыққа мойымаған  екі баласының тағдыры    арқылы    еліміздің болашағы –жастардың тыныс-тіршілігіне, олардың ойы мен арман мақсаттарына арналып отыр.

Пьесаға арқау болған бір отбасының тағдыры. Автор бір ғана отбасының басына түскен ауыртпалық және одан шығу үшін  кейіпкерлердің жасаған қимыл-әрекеттері  арқылы кімнің кім екенін танытуға тырысады. Әлеуметтік драма жүгін көтеріп тұрған  қойылым  бір отбасы туралы болғанымен, ол  бүгінгі қоғамның  жалпыға тән ахуалынан хабар бергендей.

«Соқыр үміттің» авторы және қоюшы- режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әлімбек Оразбеков.  Басты кейіпкер – жесір қалып, екі ұлын жалғыз өзі  ержеткізіп, оқытып отырған ана –Ажардың рөлінде – Дина Заитова мен Динара Айғазинова.

Қолында билігі мен байлығы бар бір шенеуніктің  қызына ғашық болып, үйленгісі келетін үлкен ұлы- Бектас тойға деп өз бетімен қаражат таппақ оймен қылмысқа барады. Жақсы жермен құда болып, керемет келін түсіремін деген арманынан айрылғысы келмеген ана жанұшырады.  Жанталасқан ана екі баласының бірін құтқару үшін екіншісін жазықсыздан жазықты етуге дейін барады...

Келіңіздер, көріңіздер!