Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Күйеуіңізді сатыңызшы. Драматический театр им. Б. Римовой

Бүгінгі таңдағы жағдайлы азамат курортта сайрандап жүріп, бойжеткен қызбен танысып, араларында жақындық орнайды. Қалталы сері аз күндік қызық өтті де кетті деп ойлайды. Бірақ оқиға мүлде басқаша өрбиді. Жігітті шын ұнатып қалған бойжеткен оны үйіне іздеп келеді. Үйіне іздеп келіп, оның әйеліне «сен шау тартыпсың, қызығың кетіпті, мен жаспын, сондықтан күйеуіңді маған сат» деген мәселе қояды. Сүйтіп күлкінің аяғы жігіт басындағы үлкен тауқыметке айналады. «Ойнақтаған бұзау от басардың» кебін киеді.Қойылымда адамның  қай іс-әрекеті болмасын ізсіз кетпейтіні, кейде опық жегізетіні, сонымен бірге, махаббатты да саудалайтын заман келгені қызықты оқиғалармен әдемі өрілген.

Театр директоры – Руслан Сенкебаев

Театр көркемдік жетекшісі  – Назым Өтеулинова