Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы»

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Д.Саламат

Премьера күні: қазан, 2009 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар:  Дәурен Серғазин, Жандаулет Батай, Бахыт Хаджибаев, Айнұр Рахипова, Мадина Май және т.б.

Жанр: Элегия

Ұзақтығы: 1 сағат, 25 мин

Қосымша:

 

Күнәдан пәк пенде болмайды. Не сөзіңмен, не ісіңмен, не екеуімен де қателіктер жасап жатамыз. Күнделікті өзіңе есеп беріп, өзіңді-өзің қайрап отырсаң ғана өзгеге қадірлі боласың.

Өмір – күрес, тартыс! Өмірмен шын күресіп, адал тартысқа түскен адам ғана, көздеген мақсатына оңай жетіп, оның берекесіне бөленбек. Ал, өмірмен шынай күресуге шарасыздық танытқан адамның іс-әрекеті де шала болуы әбден мүмкін. Жастықпен, қызғанышпен жасалған әрбір күнәң үшін ерте ме, кеш пе, Жаратушы әйтеуір бір жазасын берері хақ. Сосын, жаңа өмір бастаймын деген сайын атойлап алдыңнан шығып отырады.

Міне, төрт кейіпкер - Ай, Жан, Гүл, Достардың төңірегіндегі өзара түсінбеушіліктері бүгінгі заманның тілімен сахнада көрініс табады. Ұстаздың ақылымен дамып отыратын шытырман оқиға актерлердің пластикалық шебер қозғалыстарымен өз шешімін тапқан.

Кейіпкерлер:

  • Ұстаз – Бақыт Хаджыбаев
  • Жан – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Дос – Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері
  • Гүл – Айнұр Рахипова
  • Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Ай – Мадина Май
  • Наурыз Сабағатова

Билет қайтару шарттарытанысу