ТЮЗ г. Темиртау

Естайдың Қорланы

Естайдың ҚорланыАвтор: 

Премьера күні:

Режиссёр: Мұрат  Ахманов

Актерлар:

Жанр: Махаббат-нама

Ұзақтығы: 

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

Ақын, драматург – Иран-Ғайыптың (Мемлекеттік сыйлықтың лау-реаты) «Естайдың  Қорланы»  махаббат-намасы – ғұмыр  бойы  таза,  адал  да  пәк  ғашықтық  сезімдерін  аялай  білген  қос  мұңлық – Естай  мен  Қорлан  жайындағы  қойылым-дастан.  

Естай – дауыс Қорлан – елеске, өмірде қолы жетпеген аңсар ғашығына:
    «Құдіретім деп таныдым,
    Құрбандығың болайын.
    Сен мың жаса, Жарығым,
    Мен-ақ көктей солайын!  
    Күрсінбе де, күрмелме –
    Азғырар Ай, арбар Күн.
    Сен жер басып жүргенде,
    Махаббат – бар, Мен – бармын!» – деп  үн  қосады. 

Бұл – нәзік  сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы үн...  жәй  емес,  рухты  үн.  

Ал, біз осыдан артық айта аламыз ба?.. Әркімнің ішкі Әлемінде өз Қорландары мен өз Естайлары бар. Бастысы, Ай азғырып, Күн арбамай,  ішкі дауысымыз алдамай, әдемі ғұмыр кешкенге не жетсін?!  

«Естайдың Қорланы» қойылымы – жан-дүниеңізге астаң-кестең түрлі күйлерді кештіріп, Махаббат-Әлемінің Құдіретіне бас идірері хақ.

Билет қайтару шарттары: Танысу