Jullien Dassin
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Оян, қалыңдық

оян, қалыңдық

Өтетін орыны: Ақтау қ., 8 мкр., Н. Жантурин атындағы музыкалық драма театры

Премьера күні: 9 ақпан 2022 жыл

Автор: Ф. Г. Лорка

Қоюшы режиссёр: Дина Жұмабай

Аударған: Нартай Сауданбекұлы

Хореограф: Гүлсая Тәуірханова

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас санаты: 18+

 

Алатаудан арнайы сәлем ала келген Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, қарт Каспийдің жағалауындағы ардақты  ел - Ақтаудың гастрольдік сапарын бастайды. 26 қыркүйек 2022 жыл Оян, қалыңдық.

 

Испания, ХХ ғасырдың басы.

Ұлының жүзімдікке бара жатқанын және оның пышақ алғысы келгенін білген анасы адам баласын өлтіруге қауқарлы қару-жарақ, құралдарды ойлап тапқандарға қарғыс айтады. Өйтпегенде ше?... Күйеуі мен тұңғыш ұл да сол қарғыс атқан пышақтың кесірінен кескілесіп қайтыс болған.

Ұлы таңдаған қалындықты ұната қоймаған анасы алда болатын той туралы да ойлағысы жоқ. Күйеу жігіт кетіп, көршісі келеді. Ары қарай бәрі де өзгереді. Бұл қандай махаббат?.. Бәріне көндіккен ана ұлына ештеңе айтпауды ұйғарады.