Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Қараш-Қараш

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы калық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1).

Авторы: Мұхтар Әуезов, Қалихан Ысқақ

Премьерасы өткен уақыт: 4-5 қараша 2015 жыл

Қоюшы режиссері: Әлімбек Оразбеков

Актерлік құрам: Нұркен Өтеуіл, Қуандық Қыстықбай, Асылбек Қапаев, Сырым Қашқабаев, Ержан Нұрымбет, Ақыш Омар, Мейрам Қайсанов

Жанр: Әлеуметтік драма

Ұзақтығы: 1 сағат  35 мин

Жас ерекшелігі: 12+

 

 Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы.

Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты қойылым барысында  көрініс табады. Жарасбай – ойдың адамы, Бақтығұл – істің адамы.

Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.