rebranding
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

«Ер Төстік» балалар қойылымы.

Ер Төстік жерден өтіп жеті қабат
Жетіпті жер астына сау-саламат.
Көтерген бүкіл жерді көк өгізді
Кергенде қайран қалып тұрды қарап.​

...Ерте заманда Ерназар деген бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты.

Сегіз ағасын іздеп шыққан Төстік ерлік сапарында жолында кездескен барлық кедергілерді ақыл-айласымен, достарының көмегімен жеңіп шығады.

Халық ертегісінің негізінде сахналанған қойылым жас ұрпақты адал достыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейді.