Jullien Dassin
Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Ақ кеме. Театр им. Аймаутова

«Ол екі ертегі білетін. Біреуі өзінен басқа тірі жанға белгісіз

   сәби    қиялынан туған, екіншісін атасы айтып берген. Кейін

екеуі де ғайып болды. Айтайын дегенім осы еді...»

 Ш.Айтматов.

Ақ кеме. Театр им. АймаутоваШ.Айтматовтың «Ақ кеме» повесі бойынша қойылған психологиялық драманың басты кейіпкері – жетіден енді ғана асқан, алдағы күзде тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршін  барлық іс-әрекетті, тіршілік болмысын, өмірдің жан түршігерлік қым-қуыт оқиғаларын және бағзы заманнан қалыптасқан ұлттық  дәстүр-салтты, халықтық өнерді сақтаудағы әр түрлі көріністерді, басқа да өзекті жайттерді өзінің жүрек сүзгісінен өткізіп, соған тікелей араласып, ой толқынында жүріп, қиял қанатына мінеді.

Қаршадай сәбидің жүрегі жараланып, ауыр қайғы, азап көреді, оны әкесі де, шешесі де тастап кеткен. Ата-ана мейіріміне шомылып, құшағында өспеген, туа сала өксік жұтып, түрткіге ұшыраған болса да өмірге қызыға қарайды, ата дәстүрін жалғастыруға ынталы, бойында батылдық, табандылық бар...