Jullien Dassin
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Ұлыстың ұлы күні» мерекелік концерт

«QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы және «Хабар» агенттігі астаналықтар мен қала қонақтарына «Ұлыстың ұлы күні» атты концертті ұсынады. Концерт 13 наурыз күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

«Ұлыстың ұлы күні» жобасының шеңберінде көрермендер ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындардың театрландырылған көрінісін, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін тамашалай алады. Бұл күні «Қазақстан» концерт залының үлкен сахнасы мен фойесінің декорациялары ерекше сән-салтанатпен безендірілген киіз үй үлгісінде ұсынылады.

«Ұлыстың ұлы күні» еліміздегі теңдессіз концерт болғалы тұр, себебі бір сахнада қазақ эстрадасының барлық танымал әншілері өз өнерін ұсынбақ. Концертте Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Құрмаш Маханов, Төреғали Төрәлі, Нұржан Керменбаев, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева,  Жанболат пен Жазира, Мадина Сәдуақасова, Бақыт Тұрман, Ардақ Балажанова, Асқар Мұқият, Бауыржан Ретбаев, Дана Кентай Амре, Янис Кайсиди, Ерболат Чалдыбеков, Қамажан Аяулым, Нұрмұхаммед Жақып, Гульнара Кошенова, Айна Қалмағанбетова, Салтанат Мендіғалиева, Ербол Нариманұлы сондай-ақ «Жігіттер», «Райм&Артур» «Назар», «КешYou», «Азия» мен Бақай», «Формат», «Дарын», «Асыл», «Saz&soul» топтары өнер көрсетеді. Бұған қоса, концертте «Астана мюзикл» мемлекеттік театры үздік мюзиклдердің үзінділерін ұсынады.

 «Ұлыстың ұлы күні» концертінде көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері, заманауи сазды әуендер жанды дауыста «Астана сазы» және «Saz&soul» ұжымдарының сүйемелдеуімен орындалмақ. Отандық эстрада жұлдыздарының жаңа образдары, таптырмас шоу және күтпеген дуэттер ерекше әрі естен кетпес әсер қалдырады.