Афиша кино в Таразе

Тамаша

Тамаша

Үстіміздегі жылдың  (2016ж)  15 мамырында  Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында  аты  аңызға айаналған «ТАМАША» ойын сауық отауының  40 жылдық қарсаңына арналған концерттік  бағдарламасы өтеді.

«ТАМАША» ойын сауық отауының барлық артистері  елге кеңінен танымал,театр және кино актерлары болып табылады, сонымен қатар  бір кездері  сол ұжымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тамаша ойын сауық отауының режиссері Ұлықпан Есеновтен тәлім тәрбие алып,Тамашада әр жылдар арасында қызмет еткен жандар.
Атап айтар болсақ олар:

Тамашаның қазіргі таңдағы бас режиссері:  Нұржан Тутов.

Актерлер құрамы:

  • Асқар Наймантаев.
  • Мұхаметжан Мырзакеев.
  • Гүлбаушан Тлеубекова.
  • Данагүл Темірсұлтанова.
  • Бауыржан Орда.
  • Саттар Ерубаев.
  • Кенжебек Шайқақов.

Ал сол күні Тамашаны қолдап өз өнерлерін көрсетуге  Тамашаның сахнасынан танылған  халыққа қырық жылдан бері таныс әншілер келеді. Олар:

  • Роза Рымбаева.
  • Мақпал Жүнісова.
  • Сенбек Жұмағалиев.
  • Парвиз Назаров
  • «Тараз» триосы.
  • «Досмұқасан» ансамблі.

Тамаша театрын сан жылдар бойы сатира саласында  қазақ халқының ұлттық мақтанышының біріне айналған  ата  театр деп анық атасақ болады. Отыз сегіз жыл ғұмыры бар бұл театр көрерменнің көңілін баурап,  жылдан жылға кәсіби  деңгейін арттырып келе жатыр.
Ұлықпан Есенов мырза бастаған Тамаша театрының ғұмырын  оның шәкірттері  яғни  Тамаша тарландары әрі қарай жалғастырып, еліміздің өркендеуіне әсері бар түрлі қойылымдар мен көріністер көрсетіп,халық арасында Тамашаның атын тек биіктерден түсірмей  ел игілігі үшін  әлі талай жылдар бойы қызмет ететініне сенім мол.