Афиша театров в Таразе

Шәкәрім

Авторы: Ә.Рахимов

Драма - диалог

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссер – Ә.Рахимов,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші – М.Сапаров

Композитор – Б.Дәлденбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова

Режиссер көмекшісі – А.Қабдешова

Ізгілік-адамгершілік мұраттарды ту етіп, ұлттық рухани мәдениетке орасан үлес қосқан Шәкәрім Құдайбердіұлының  өмірі және өнері, мол рухани мұрасымен халық еліміз тәуелсіздік алар қарсаңда ғана толығырақ танысты. Ал, спектакльде «адамгершілік биігінде туыңды қисайтпай тұрақтап қалу қиын» алмағайып заманда күн кешкен ойшыл ақын өмірінің соңғы күндері бейнеленеді.  «Жаман – заманның құлы, жақсы – заманның ұлы болады». Саяси күреске араласпай, жұртқа кесірім тимесін деп оңаша кеткен ақыннан билік неге өлердей қорықты?..  Қойылымда Шәкәрім ойшыл, суреткердің бүгінгі күнмен де үндес, өміршең идеялары  рухани тартыстар  аясында бағамдалады.…