Scorpions в Алматы

Пранк - Махаббат

Пранк-махаббат

Өтетін орны: Астана, Ілияс Есенберлин көшесі, 10, Жастар театры

Автор: Қ.Жүнісов

Премьера күні: Желтоқсан, 2020 жыл

Режиссері: Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Жанр: комедия

 

 

 

 

Ғашық болудың бәрі ғажап емес. Сүйгенің дәл сондай сезіммен жауап бермесе, машақаты да мың-миллион. Ондай жағдайда не істеу керек? Тұла бойын махаббат жалыны шарпыған қос құрдас аяулысының жүрегін жаулай ала ма? «Сезім жолында жан құрбан» деген ғашықтар хикаясының соңы немен аяқталмақ?

Студенттік шақтың қызығы мен шыжығы мол шытырман оқиғаларының куәсі болғыңыз келсе, театрға асығыңыз! Ұтқыр әзіл, әдемі әуен, шытырман оқиғаға құрылған комедия студенттер өмірінің боямасыз болмысын паш етеді.  

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Әндер – сөзі: Қанат Жүнісов, әні: Дәурен Серғазин

Аранжировка: Жандәулет Батай, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Кейіпкерлер:

Тұрсынбек (бірінші курс студенті) - Айсұлтан Жәлиева, Асылбек Әйтіш

Дастан (болашақ актер студент) - Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Ермек (жоғарғы курс студенті) - Нұрбек Әділбек

Рүстем (жоғарғы курс студенті) - Әбутәліп Әмре, Алмат Тұрлықожа

Жеңіс (декан) - Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Нұрлыбек Төлеген

Ақмақта (комендант) - Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері

Айым (студент) - Айбибі Іскендірова

Мәдина (студент) - Шехназа Қызыханова

Қымбат (студент) - Лаззат Куанышева

Айнұр (1 курс студент) - Әсем Жорабек

Әлия (1 курс студент) - Жанель Рыскелдинова

Аяулым (1 курс студент) - Саида Максумова, ҚР  Президент стипендиясының иегері