Афиша кино в Таразе

Кішкентай бақаның үлкен оқиғасы

Ертегіде өз мекенінен жырақтап, айға ұшып кеткен кішкентай бақаның оқиғасы жинақталған. Кішкентай бақаның жұмыртқадан әлі шықпаған шағы су асты балықтарын түрлі болжамдарға алып келеді. Сол арқылы кішкентай көрермендерге балықтар жайлы қызықты ақпараттар жетеді. Бақаның уылдырықтан бақашыққа айналған шағы дүниеге енді аяқ басқан әрбір тірі жан сияқты әр нәрсені білуге құмар ретінде суреттеледі. Айналасына жиналған балықтардан көргенінің барлығын сұрай отырып, көрерменге де қызық болып көрінетін көптеген сұрақтарға жауап табады.

Бірақ, Ай әлемі туралы көбірек білгенді қалап, бар күшімен секіру арқылы ұшып кетеді. Аспан әлемі жайлы қызықтарды біліп, көлдің бетін мұз жапқанша ол үйіне оралуы тиіс.

Осы аралықта ол айдың Қанатты қыздары мен оларға үнемі қарсы шығатын Қырылдауық сияқты тұрғындарымен танысып, араларындағы кикілжіңнің шешімін табуға тырысады. Қанатты қыздардың әсем әнін Қырылдақ тәкаппарланып, өзі сияқты айтпағандары үшін қудалайды. Ал бақа болса Қырылдауықты ренжітпей әнші қыздармен бірге ән салса нұр үстіне нұр болатынын  айтып, оны көндіреді.

Нәтижесінде Ай әлемінде достық салтанат құрып, ғажайып күндер бастау алады. Бақаның аспандағы жаңа достарымен бірге қалуына күннің суытып, көл бетін мұз жабуы кедергі. Сондықтан ол өз ортасына оралуына тура келеді. Қуыршақтар ойыны мен аспан әлеміндегі түрлі кереметтер көрермен қауымды қызықтырмай қоймасы анық.