Афиша театров в Таразе

Әйел тағдыры

Тіршіліктің түйткілді тұстары көп. Көбінесе мұндайда нәзік жандылардың төтеп беруі қиын. Бірі азғынның арбауына түссе, бірі жезөкшеліктің жолында жығылып жатады... Шәйіркүлдің басында да осы жайт. Айрандай ұйып отырған шаңырағын шайқалтуға не себеп болды?  Бастығы Елшімен сезім сиқырына бөленіп, бақыт құшағында жүргенде қалай түрмеге топ ете қалғанын өзі де білмей қалады.. Кім жазықты? Кім кінәлі? Түрмедегі бес әйелдің өзіндік айтар базынасы бар. Олай болса темір тордағы сұлулардың трагедияға толы тағдырына бірге куә болайық!