Афиша кино в Таразе

«Алпамыс»

алпамысӨтетін орыны: Шымкент қ-сы, Казыбек би к-сі, 34, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры»

Автор: Б. Парманов

Премьера күні:

Қоюшы режиссёр: Ә. Құлданов, М. Малдыбаева

Жанр: аңыз, ертегі

Ұзақтығы: 40 мин

Жас санаты: 6+

Қосымша: спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Қазақ әдебиетінде аса бай «Алпамыс батыр» эпосы ерекше өзіндік орнын тапқан туынды. Бұл жыр бізге ғасыр аттап, атадан балаға жеткенше, әр түрлі нұсқаларда жарық көрген. Мың жылдан астам уақыт өтсе де, осы дүние қазақ халқының жүрегінде сақталған. Бұл эпос біздің театрдың репертуарына кездейсоқ қосылған жоқ, театрдың мақсаты: жас буынның санасында патриоттық сезім қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілігін ұялатумен қатар, әрқашан ел мүддесін қорғауға дайын болу парызын ояту. Ал өз елін ұлықтаған Алпамыс батыр образы үлгі, өнеге болуға әбден лайық.

Алпамыс тұлғасы - әрі сарбаз, әрі әділдікке жанашыр адам. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанның рухын асқақтататын азамат бейнесін көреміз.

Рөлдерді ойнағандар:

Жыршы – Тұрдалиев Е.

Алпамыс – Мұсақұлов А.

Байбөрі – Алпамыстың әкесі – Исмаил Ж.

Сарыбай – Гүлбаршынның әкесі –   Сейдахмет Ғ.

Гүлбаршын – Жұмабай А. Балабек Т.

Аналық – Алпамыстың анасы – Тәшібек-қызы Ұ.

Ұлтан – Байбөрінің асыранды баласы – Бейсенов Ш.

Мыстан – қарт кемпір – Өмірзақова Т.

Тайшық – Жоңғар ханы – Рүстембеков Н.

Билет қайтару шарттары: танысу