Афиша театров в Таразе

Ахмет! (Гастроли в г. Костанай)

Ахмет! (Гастроли в г. Костанай)Өтетін орыны: Омаров атындағы  Қостанай обылыстық қазақ драма театры 

Автор: Ақылбек Шаяхмет

Премьера күні, жылы: 12.10.2022

Режиссёр: Әліби Жанәбілов

Жанр: 

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас санаты: 16+

Қосымша: Қойылым қазақ тілінде өтіледі.

 

 

 

Қазақ халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму кезеңдерінен өтті.

Ахмет Байтұрсынов және оның серіктері, шын мәнінде кеңестік билікті амалсыз мойындады. Бірақ Ахаң ешқашанда қазақ халқының рөлін көтеру және қазақ елін ұлтық тұрғыдан дербес ету идеясынан бас тартқан емес.

Бұл қойылымда қайраткердің ұлттық «Алаш» партиясын жандандыруға тікелей атсалысқан және Алаш елін құруға бағытталған ойлары мен тұжырымдары біздің мына ғасырымызда да өз құнын жоғалта қоймағанын байқаймыз.