Scorpions в Алматы

Үзілген бесік жыры

Үзілген бесік жыры/Туркестанский театр

Өтетін орыны: Түркістан музыкалық драма театры

Автор: Е. Аманшаев

Режиссёр: Т. Ахметов

Актерлар: Айя Шарип, Еркебулан Дайыров, Нартай Сауданбекұлы, Адиль Ахметов, Ашим Ахметов

Жанр: трагикомедия

Ұзақтығы:

Жас санаты: 

 

 

Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» трагикомедиясы бүгінгі қоғамдағы орын алған келеңсіздіктерді баяндай отырып күлдіреді әрі ойландырады. Негізгі кейіпкер – ол. Оның жасы 27-де. Үйленген жас жігіт өзінің ішкі даусымен сұқбаттаса келе ұлтымыздың өзіндік құндылықтарынан барған сайын алшақтап бара жатқанына ренжиді. Оны қазақы салт-дәстүрден ажыраған қала тіршілігі қажытады. Жағымпаздық пен жылпостық, екіжүзділік жайлаған ортадан ол нағыз адамды іздейді. Бірақ оны таппайды.

Трагикомедияның негізгі айтар ойы да осындай ой-сезімдердің төңірегінде өрбиді. Автор «Үзілген бесік жыры» арқылы бүгіндегі біз ғұмыр кешіп отырған қоғамды да сын тезіне алады. Ата-баба дәстүрінен алшақтап, материалдық байлық үстемдік құрған мына заманда рухани дүниеміздің әлсірегені шын. Автор шығармасы арқылы бұл өзекті мәселе ұлт тағдырына да қатысты екенін айтпақ болады. Қойылым осынысымен де құнды деген ойдамыз. Бүгіндегі талғамы терең көрермен «Үзілген бесік жырын» жылы қабылдайтынына сенім мол.