Jullien Dassin

«TURAN» дәріс-концерт

Өткізу орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 12 қазан 2022

Басталуы: 19:00

Әртістер: «TURAN» тобы

Тұрақ: 

Жанр: фольклорлық музыка

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 


 

Ұлы дала елінің әуендерін әлемге паш еткен «TURAN» ансамблі елордалық көрермендердің сұрауы бойынша араға ай салып, өнерлі топ қайта сахна төрінен көрініп, сіздерге арнап дәріс-концерт беруді көздеп отыр!

 «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі – қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттайтын бірегей топ. Этно-фольклорлық ансамбль ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүр. Он жылдық тарихы бар өнер ұжымы қазақ музыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 600-ден астам жеке концерт берген. Ансамбль «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди центр» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремлевский дворец» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдар сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және өзге де атақты залдарда өнер көрсетті. «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі жақында ғана Түркия, Оңтүстік Корея, Әзірбайжанда гастрольдік сапармен болып, талғампаз көрерменді өз өнерлерімен тамсантып келді.

Ансамбльдің құрамында Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев сынды талантты мульти инструменталист музыканттар бар. Қазақ халқының отыздан астам ұлттық музыкалық аспабы болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген.

Лекция-концерттің бағдарламасына топтың орындауындағы үздік әуендер мен жаңа туындылар енген. Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар!