Jullien Dassin

Симба Қарағандыдағы гастрольдер

Симба

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы С. Сейфуллин атындағы театр

Өтетін күні: 21-22 қыркүйек

Өтетін уақыты: 11:00

Авторы: И. Миччи

Режиссёрі: Ә. Ақанов

Жанр: «Король лев» мультфильмінің желісі бойынша

Қоюшы-суретші: Рауан Ұлықпан

Режиссер ассистенті: Б. Манатбекұлы

 

«Король Лев» ертегісі  барша  әлемге әйгілі.

Тақ иегері, ақкөңіл сәби Симбаның дүние есігін ашқанын түгел аң патшалығы асыға күтті. Қуанбаған бір ғана жануар – ағасы Шрам. Өзінің туғанына опасыздық жасау арқылы билікке келген Шрамның дәурені қалай болмақ? Симба іштегі өкініш пен үрейін жеңіп, әкесінің аманатын, даңғал жолын жалғастыра ала ма?

«Симба» ертегісі ерлік пен батылдыққа, сезім мен романтикаға толы.

Олай болса театрға асығыңыз!