Scorpions в Алматы

Нұрғиса Тілендиев «Жан сәулем»

Нұрғиса Тілендиев «Жан сәулем»

Қазақ елінің маңдайына біткен дарынды композиторы, халық қаһарманы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің халық сүйіп тыңдайтын әсем әндерінен құралған Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясының» ұйымдастыруымен  «Жан сәулем» атты концерті өтеді. Концертте Нұр ағамыздың «Өз елім», «Біздің ағай тамаша», «Ауылдағы жеңеше-ай», «Қарлығаш туралы ән», «Сағындым ғой», «Әке туралы жыр», «Сарыжайлау», «Куә бол», «Алатау», «Жан сәулем», «Құстар әні» сынды халыққа танымал әндері орындалмақ.

Кешіміздің қонақтары, КСРО халық әртісі, қазақтың бұлбұл дауыс әншісі    Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртістері: Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова,  ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Бибігүл Жанұзақ, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков, Мәдениет қайраткері: Естай Мұқашев,  эстрада жұлдыздары: Арайлым Рахым, Перизат Тұрарова, Диана Май, Мұратбек Хайролда, Күнсұлу Тұрлыбекова, Дихан Ильяшев, Әйгерім Аманжолова, Алтынбек Әбілда, Гүлнұр Жақсылықова, Дәстүр Асылхан, Айнұр Қажимоллақызы, «Эстрада» би ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі.

Қосымша анықтамалар: 75-23-60; 75-23-83; 87017661396;