Scorpions в Алматы

Ғасырдан да ұзақ күн

Ғасырдан да ұзақ күн

драма

Авторы: Шыңғыс Айтматов

Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссер - Д. Жұмабаева

Сахналық нұсқа - Ә. Мәмбетов

Қоюшы-суретші және киім үлгісінің суретшісі - Ю. Чернова

Музыкамен көркемдеген - Д. Жұмабаева

          Хореограф - Ш. Мустафина

          Режиссердің  ассистенті - З. Карменова

          Режиссердің көмекшісі - Г. Сейтімбет

Қарапайым теміржолшы Едіге өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізіскен қарт досы Қазанғапты оның аманаты бойынша «Ана бейітке» жерлемекші. Аса жауапты да имани бұл сапарында ол жеке адамдардан бастап тұтас бір мемлекеттік жүйенің қарсылығына тап келеді.

Ата-баба сүйегі жатқан киелі жер бүгінде ғарыш айлағына тиесілі, онда өтуге рұқсат жоқ екен. Тарихи жадысынан айырылған жеке адам да, жүйе де мәңгүртке айналады. Ал, оларға қарсы жасампаз күш - қандай қиындықта да адамдығын жоғалтпаған, ата-баба дәстүріне, тіліне, діліне адал Едіге.

Едігелер - өмірдің тірегі.

Спектакль премьерасы: 11, 12, 13 қазан, 2018 жыл.

Жас санаты +7.