Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Шымкент шоу

«Көңілашар» тележобасының жаңа маусымы аясында 30 тамызда «Қазмедиа» орталығында «Шымкент-шо» әзіл-сықақ театрының қатысуымен түсірілім өтеді.

Жаңа маусымда «Көңілашарға»  «Шаншар», «Өнер қырандары», «Алдаспан», «Бәрекелді», «Тамаша», «Терісқақпай», «Нысана», «Күлкістан», «Екі езу», «Маэстро», «Мафия мен Тақия», «Керемет», «Аққу-Гәкку», «Бауыржан-шоу», «Қуандық пен Бақыт», «Базар жоқ», «ТТТ», «Шымкент-шоу» сынды әзіл-сықақ театрлары қатысады.

Әзіл-сықақ жобалары – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ерекше сұранысқа ие, көрермендердің көп көретін, іздейтін контенті.

Сондай  ойын-сауықтық жобалардың бірі - «Көңілашар».  Оның негізгі мақсаты - көгілдір экран арқылы  көрерменнің көзайымына айналған әзіл-сықақ театрларының басын қосу және әдемі қалжыңға жалғасқан  көңілді кеш ұсыну.