Scorpions в Алматы

«Жан Анам» ән кеші

Жан Ана

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері әнші – продюсер Майра Ильясованың ұйымдастыруымен «Жан Анам» ән кеші 2019 жылдың 8 наурыз күні сағ: 17:00– де «Студенттер сарайында» өтеді.

Жобаның негізгі идеясы – Көктемгі мерекелік кеште әжелерімізді, аналарымызды, қазақтың қаракөз қыздарына арналған мерекелік құттықтау мен тамаша көңіл-күй сыйлау.

«Жан Анам» жобасы тек қана мерекелік ән кеші мен көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қана қоймай, қайырымдылық акция аясында өткізіледі. Атап айтқанда, сәбиі дертке шалдыққан анаға көмек қолын көрсетіп, баланың еміне қаражат жинайды. «Көп түкірсе, көл болар...»  – дегендей Студенттер сарайының залына концертке келген көрермендер мен өнер көрсеткен әншілер қауымы үшін арнайы ақша жинайтын жәшіктер қойылады.

Концертке қазақ өнерінің жарық жұлдыздары  Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Бағдат Самидинова, Шахизада, Бахыт Шадаева, Айгүл Иманбаева, Қаракөз Сүлейменова, Мирас пен Құралай, Әли Оқапов, Диас Аблаев, Мади Рымбаев, Серікбол Сайлаубек, Алашұлы тобы, Абай Бегей және өзге де эстрада жұлдыздары қатысады.