
Ерлік музейі
Описание
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ның «Ерлік музейі» бөлімі 5 залдан тұрады.
Бірінші экспозиция - Ұлы Отан соғысы залы 1941-1945 жылдар туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру. Музей қорында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құнды жәдігерлері, құжаттары, орден медальдары, фотосуреттері және жеке заттары сақталған.
Екінші -экспозиция залы «Ауған соғысын баяндайды» 1979-1989 жылдар арлығында болған Ауған соғысы. Ауған соғысында шайқасқан, құрбан болған және осы отты оқиғадан аман қалған жерлес жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары, киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.
Үшінші - экспозиция Тылдағы еңбеккерлер залы
Ұлы Жеңісті жақындатуға сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген тыл ардагерлерінің қосқан үлесі өлшеусіз. Тыл ардагерлерінің материалдары, фотосуреттері, қолданған заттары.
Төртінші-экспозиция залы Желтоқсан, Семей, Карабах ардагерлеріне арналған. Ардагерлердің жәдігерлері, яғни орден медальдары, түрлі марапаттары мен күәліктері, фотосуреттері мен құжаттары экспозицияға жинақталып қойылған.
Бесінші-экспозиция залы Егемен Қазақстанға арналған
Егемен залында еліміздің егемендікке жету жолындағы Қазақстанның жаңа тарихындағы елеулі оқиғалар бейнеленген. Музей қорынан алынған жәдігерлермен танысуға болады. Мұның бәрі экскурсиялар мен дәрістер сүйемелдеуімен одан әрі қызықты бола түседі.
Келу ережелері:
Экспонаттарды қолмен ұстауға - ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).
7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН.
7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі.
18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).
ТЕГІН:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ, III топ
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
Зейнеткерлерге
Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскери борышын өтеушілер.
Адрес
г. Шымкент, проспект Тауке хана 228 А, «Ерлік музейі»
График работы
Понедельник-пятница 09.00-18.00Суббота 09:00-13:00Технический день-воскресенье
Дата и время
10.02.2025 – 28.02.2025
Продолжительность экскурсии в музее
45 минут
Возрастные ограничения
Отсутствуют
Дополнительно
Время, когда вы можете прогуляться по всем залам, составляет 30 минут. Перед посещением учитывайте часы работы музея
Жанр
музей
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 27мартазавтра«Шым қала» тарихи-мәдени кешенімузейот 300от 150от 150
- 28мартапт«Шым қала» тарихи-мәдени кешенімузейот 300от 150от 150
- 31мартапн«Шым қала» тарихи-мәдени кешенімузейот 300от 150от 150