Jullien Dassin

Спектакль "Батыл көжектер"

Батыл көжектер, ве

Автор: С. Қасымбек

Премьера күні: маусым 2017

Режиссёр: С. Қарабалин

Актерлар:

Жанр: музыкалық ертегі

Ұзақтығы:

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

Аңғал әрі аңғарымпаз Зу көжек, Аш кө­жек, Тиін, Көксеректер Жаңа жылды күтумен болады. Алайда қу Түлкі си­қыр­лы таяқты қолды етіп, елді әуре-сар­саңға салды. Ал сиқырлы таяқсыз Аяз ата мен Ақша қар ескі жылды шығарып сала алмайды. Енді қайтпек керек? Орталық оқиға осы бір тұста өрбиді. Екі батыл көжек артынан Тиін мен Көксеректі ертіп алып, жолға шығады. Арадағы жас көрерменмен байланыс спектакльдің әсерлілігін арттырып, жаңаша бір тыныс беріп отырды. «Мұнда, мұнда! Ол ана жер­ге тығылып қалды. Зу көжекті құт­қа­рыңдар...» деген дауыстар залдың әр бұ­рышынан естіліп, жан-жақты жаң­ғыр­тып жібереді. Бұның өзі артистердің ойынына ерекше екпін беріп, шабыттандыра түскені хақ.

Сахнадағы жан-жануарлардың ән айтып, би билегені өте табиғи шықты. Қойы­лым соңында бір топ қасқырдың алаң­ға аяқастынан атып шыққаны күт­пеген жағдай болды. Қойылымның ең тартымды жері – басы артық сөздің болмауы. Кейде диалогтан бұрын алдыңғы план­ға іс-қимыл, әрекет шығып кеткендей әсерде болдық. Драма қозғалысқа негізделгендіктен қойылымды, әсіресе балалар тақырыбында, дене қимылына жаңаша дем біткендей әсер алдық. Қыстың соңғы айы да аяқталуға жақын қалғанда кішкентай көжектердің қар атысып, аққала жасап жүргені сондай бір тартымды көрінді. Апасы базарға кеткенде бір-бірін ренжітіп, балаша жылап жатқан кейіпкерлер езуге күлкі үйі­реді. Бүгінгі қазақ театры жаңа са­па­лық деңгейге көтерілгенін мойындауымыз керек. Театр өнеріне өзін арнағысы келетін жастар көбейіп келе жатқанын көріп, шыны керек қуанады екенсің. Режиссердың берген тапсырмасын дәл орындап, жай ғана орындап қана қой­май, көркемдік образ жасауға деген тал­пыныстарын байқау қиын емес. Қо­йы­лым ба­тылдық, батырлық, адалдық, сенім, ма­хаббат, жылылық, сүйіспеншілік сияқ­ты киелі ұғымдарды насихаттайтыны көңілдегі көп күдікті сейілтеді. Көжек­тер, жалпы қоян өте қорқақ, сужүрек аң еке­нін, өз көлеңкесінен өлердей қорқа­тыны бә­ріңізге мәлім. Алайда, шығарма авторы оларды батыл етіп көрсету ар­қылы кө­жек екеш көжек те намысқа тырысса, ас­пайтын асу, алынбайтын қамал жоқ еке­нін аңғартқандай.

Билет қайтару шарттары: танысу