Scorpions в Алматы

Ауыл хикаялары

О.Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклі, әлеуметтік драма
Авторы: Оралхан Бөкей. Режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет
 
«Ауыл хикаялары» әлеуметтік драмасы жазушы О. Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады. Көрермен мен актерлердің ара-қатынасы әсерлі, ауыл атмосферасын сезіну мақсатында қойылым сахнада көрермендердің ортасында өтеді. Спектакль арқауы болған заңғар жазушының әңгімелері алғаш рет сахна көреді.