Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

«Кел, бірге ойнайық!»

Қойылым кезінде балалармен, яғни көрермендермен әртістер тығыз байланыста болатын ертегі ойын. Ертегідегі кейіпкер Ұзынқұлақ қоянның қырсықтығы мен тұйықтығы, оның айналасын тыңдамауы, оқиға желісін өрбітіп отырады. Оның қасындағы Тиінде, Қонжықта, оның жасаған әрекеттерінің дұрыс емес екенін айтып көргенімен, қырсыққан Қоян оларды мүлдем тыңдамайды. Оқиғаның шарықтау шегінде Қасқырға жалынып, оған жем бола жаздаған Қоян, достарына қиянат жасағанына өкініп, өз әрекетінің дұрыс емес екенін түсініп, достарынан кешірім сұрап, бірлікке шақырып достасады.

Қойылымның негізгі идеясы - мейірімділікке, бауырмалдылық пен адал болуға шақырады.