Jullien Dassin

Жаужүрек (М. Әуезов атындағы драма театрының гастрольдік сапары)

жаужүрек театр ауэзоваАвторы: Д. Исабеков

Қойылым тобы:

Қоюшы-режиссер: Е. Обаев, ҚР халық артисі, профессор

Режиссер: А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші: Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Композитор: Е. Елгезеков

Режиссердің көмекшісі: Б. Әбдіков

Жанр: драма

Жас санаты: 

 

М. Әуезов атындағы драма театрының мәдениет сарайы сахнасындағы гастрольдері

...Айым да сен Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең...

Балуан Шолақ дегенде құлақта бірден осы әннің жаңғырары бар...

Драмада жары Балқаштың көңілін күпті; өнері, мәрттігі, кісілігімен ерке де сылқым Ғалияны ғана емес,  Көкшетау уезі бастығының ерке қызы, уыздай Татьянаны да өзіне  ғашық еткен Балуан...

Әлеуметтік ортасымен тағдыры бірегей әнші, сері Балуанның шұрайлы жерінен, демек, еркіндігінен айырыла бастаған үшін тәуекелге бел буып  күреске шығуы айшықталады. Өйткені шынайы теңдік, бостандық жоқ жерде шынайы махаббат, бақыт жоқ. Өйткені ел азат болмай – ер азат емес.

*Спектакльдер орыс тіліне ілеспе аудармамен жүреді