Репертуар театра им. Чехова

Жеңгетай

ЖеңгетайӨтетін орыны: Шанин атындағы қалалық қазақ драма театры, Нурсат 2 ы/а, Нурсултана Назарбаева даңғылы 6

Автор: Е. Төлеубай

Премьера күні: 2012

Режиссёр: Иманәлі Сапаров

Қоюшы суретші: ҚР Мәдениет қайраткері Қ. Жұмақұлов

Жанр:​ комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Қадірлі көрермен! Сіздерді 30 наурыз күні сағат 19.00-де Е.Төлеубайдың  «Жеңгетай»  комедиясына шақырамыз!

Дөңгеленген дүниеге дер кезінде кірпіш болып қалануға әркім-ақ құштар.  Күнің еңкейген сайын еншіңе тиесілі тіршілікті бақытты өткізуге ұмтыласың.

 Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалады.

 Күлімкөз жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендерді төрт түрлі серілермен таныстырып, тездетіп тұрмысқа беріп құтылмақ. Себебі, үй иесі Толым апайдың өзі  де Күлімкөз жеңгетайдың таныстырған Қотан ақсақалға тұрмысқа шығып бақытты өмір сүрмек.

Спектакльдегі кейіпкерлердің бір-бірлерімен танысып, өмірлік серік табуындағы оқиға барысы қызықты комедиялық ситуацияларға құрылған.