ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Бішкек
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Ежовы рукавицы» фолк-рок тобының концерті

«Ежовы рукавицы» фолк-рок тобының концерті

Сипаттама

Қазақстанда алғаш рет - «Ежовы Рукавицы» тобы (акустикалық рок-фолк). «Ежовы Рукавицы» тобын 2006 жылы Анна Ежова (әндер авторы мен солист) пен Дмитрий Саврасов (гитара) құрды. Музыканттар Ресейдің бір-бірінен жырақ екі қаласында тұрғанына қарамастан, олар бірге бірнеше альбомдар шығарып, елдің көптеген елдерін гастрольдік сапарлармен аралап, Грушинский сияқты басқа да фестивальдерде өнер көрсеткен еді. 2022 жылы Анна Ресейден көшіп, Алматы қаласына қоныстанды.

«Ежовы рукавицы» тобының жанры фолк элементтерімен акустикалық рок екеніне еш күмән жоқ болса, топ әндерінің тақырыптарын бір сөзбен айтып сипаттау оңайға соқпас. Өз әндерімізде түрлі әдеби туындыларға сілтеу жасауымыз бен Цветаеве мен Рождественскийдің өлең шумақтарын қолдануымыз гуманитарийлердің ерекше назарын аудартады. Өткір әндеріміз тіпті терапиялық мақсаттарда да кеңінен қолданысқа түсіп, сана жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға өзінің елеулі септігін тигізеді. Айырылысу мен ажырау туралы мұңды әндерімізді тыңдап, тіпті қажырлы азаматтарымыз да көз жасын тиа алмас. Перілер мен кішкентай сиқыршылар «Колыбельная Яги» әнін сүйсе, тиктокерлер «Любовь» әнін, ал Санкт-Петербург қаласын сүйерлер «Город революций» туындысын жаны сүйеді. Миллениалдар біздің Гарри Поттер әлеміне деген сүйіспеншілігімізде ортақтасып, әзіл сүйер қауым біздің әзіл айтып, көңіл көтеруге деген ынтамыз үшін бағалайды. Танысу концертінде біз барлық тыңдармандардың көңілінен шығатын жайлы кеш өткізуге бар күшімізді саламыз.

Бірінші бөлімде Анна жеке өнер көрсетеді, екіншісінде оған Александр Роик қосылады. Александр топта бас гитарада ойнаған еді, алайда бұл кеште өнерпаз қолына қарапайым акустикалық гитараны алып, әуезді нәзік саз шырқайтын болады. Концертте, сондай-ақ, мерч ұсынылмақ (дисктер, магниттер, стикерлер мен Анна өз қолымен тоқыған қолғаптар)

«Ежовые рукавицы» тікенді, бірақ жылы. Сіздерді Қазақстандағы алғашқы концертімізге зор ықыласпен шақырамыз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    «La Bohême» театры, Алматы қ., Уәлиханов к-сі, 43, Жібек Жолы көшесінің қиылысы

  • Күні

    2024 жылғы 10 қараша 

  • Уақыты

    18:00

  • Бағдарлама

    Концерт

  • Тұрақ

    бар

  • Ұзақтығы

    120 минут

  • Жас шектеуі

    6+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 10
    Қараша
    Жекс
    Театр «La Boheme»
    зал
    бастап 5000
    бастап 5000